Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ізгі тілегімізді жолдаймыз!
Өңірдің мәдени саласын дамытып, Облыстық халық шығармашылығы орталығының жұмысын жандандырып, еселі еңбек етіп жүрген жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірісіз.
Өз ісіңізге адалдық, кәсіби шеберлігіңіз, өнер десе қанаттанып, әсем әндеріңізбен айналаңызға қуаныш сыйлап жүрсіз. Таудай талабыңыз, адамдығыңыз, жауапкешілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз.
Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Ізгі тілекпен,
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұжымы