Бүгін әріптесіміз Мұрат Сәбитұлының туған күні.
Сізге осы қуанышты сәтте өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос - жолдастарыңызға қадірлі де сыйлы болуды тілейміз!
Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беріңіз.
Жүзіңіз жарқын, қуанышыңыз мол болсын!
Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қайрат, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ - ырыс тілейміз!
Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!