altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ХАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ
20.07.2023
838
0
Қостанай облысында "Бозторғай-2" телехикаясының түсірілімі басталып кетті. Осыған орай қаламызға "Хабар" медиа холдингінің басқарма төрағасы Берік Уәли, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов, «Бозторғай» телехикаясының бас режиссері Жалын Тілеубергенов, «Бақытты отбасы» кітабының авторы Қанат Естек бас қосып, журналистермен баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. 


 
«Арнамыз соңғы жылдары қазақ сериалдарын көптеп көрермендерге ұсынып жатыр. Биыл алты туындыны көрерермендерге тарту еттік. Соның бірегейі – «Бозторғай» телесериалы. Бұл, білесіздер, осы Қостанай өңіріндегі жас жұбайлардың балалар үйінен он бірдей баланы асырып алған ерлікке пара-пар оқиғасы желісінде түсірілген маңдайалды туынды. Кейін көрермендерден осы жайлы сауалнама жиналды. Нәтижесінде сауалнама қатысқандардың тоқсан үш пайызы сериалдың жалғасын түсіруді қолдады. Бұл жолғы сериалдың ерекшелігі Қостанай жерінде түсірілуінде», - деп атап өтті «Хабар» телеарнасы директорлар кеңесінің төрағасы Берік Уәли.
 
Екінші маусымның түсірілім жұмыстары қызу қолға алынған. Оған жергілікті актерлар да тартылып жатыр. Оқиғаның қалай өрбігені қалың көрерменге жақсы таныс. Кинодан кейінгі келіп түскен хаттар легі де көп. Бұл отбасын Президенттің өзі де арнайы хат жолдап, құттықтаған еді. Сериал 15 бөлімнен тұрады. 
 
«Мен осы отбасының отанасы Қарлығаның бауырымын. Төрт айлығымнан апамның қолында өстім. Апам мені жетектеп тұрмысқа шықты. Олардың отбасында екі ер бала дүниеге келді. Біз қыз болса екен дейтінбіз. Сөйтіп жүріп, балалар үйінен апам мен жездем үкіметтен еш көмек алмай-ақ, он баланы бірден алды. Осылайша балалар ер жетті. Осы балалардың ішіндегі Ермектің анасын тауып беремін деп сөз берген едім. Өкінішке қарай, анасын таба алмай, сол Ермектің өмірі туралы кітап жаздым. Кітап осылай дүниеге келді. Кейін киноға арқау болды. «Хабар» арнасына, облыс әкіміне, мәдениет басқармасына, барша қолдау білдірген азаматтарға алғысым шексіз», — дейді Қанат Естек.  
 
«Жерлесіміз Садықовтардың өмір жолы туралы сериал түсірілгеніне қуаныштымыз. Фильмнің түсіріліміне қолдау көрсетіп, облыстық қазақ драма театрынан 15 актер басты рөлге, 40-тан астам актер эпизодқа қатысуда. Облыс әкімдігінен бастап қолдау білдіріп, локация таңдауда, реквизит табуда көмегіміз көп. Бұл отбасы Заречный ауылында тұрады. Асырап алған он бала Қостанай, Астана, Алматыда тұрып жатыр. Барлығы да отбасылы, өмірден өз орындарын тапқан», — деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов.
 
Қонақтар сериалдың түсірілім алаңында болып, дәстүр бойынша жаңа жобаға сәттілік тілеп, тарелка сындырды.

#ГидПоКазахстану

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру