Бүгін белгілі режиссер Жасұлан Пошанов бастаған түсірілім тобы Қостанай жеріне келді. Сериалдың сценариін жазған Ертас Жақыпбай.
Оларды облыстық мәдениет басқармасының өкілдері, өнерде жүрген азаматтар қарсы алды. Енді ертең таңмен таласа фильмнің екінші бөлімі түсіріле бастайды. Оған алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіліп, кастинг өткізілген болатын. Фильмге қостанайлық Садықовтар отбасының өмірі негізге алынғанын еске сала кетеміз.
Жалпы бұл бастамаға облыстық және қалалық әкімшілік, облыстық мәдениет басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығы, облыстық білім басқармасы, Қостанай ауданының әкімдігі, Арқалық қаласы қолдау білдіруде.
Барша көрерменнің көңілінен шыққан фильмнің сәтті шығуына баршамыз атсалысып, барынша жәрдемші болайық.