Қазаққа қиындықта сүйеу, қуанышта көңіл қанаты болған қара домбыраның қоңыр үні – қанымызда, бебеулеген сарыны – санамызда сақталған
Сіздерді Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күні елімізде кеңінен тойланып келеді. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені белгілі.
Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Домбыра- қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілейміз.