Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін бірегей кәсіп. Қоғамдағы болып жатқан сан түрлі оқиғалар мен адамдардың тағдыры сіздердің жұмыстарыңыздың өзегі.
Халық сіздер арқылы өздері өмір сүріп жатқан орта жайлы мағұлмат алады. Сондықтан, әрдайым шынайылық пен ақиқатқа бағынатын журналистердің көтеретін жүгі де ауыр деп білеміз.
Ақпарат майданында жүрген баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, қаламдарыңыздан қасиет кетпесін, шабыттарыңыз шарықтай берсін демекпіз!