Ол біздің өңірде «Бозторғай» фильмінің жалғасын түсірмек.
Жас режиссер бүгін облыстық халық шығармашылығы орталығына келіп, жұмыс барысымен танысты. Қордағы материалдарды қарап, сұхбаттасып, әңгімелесті. Орталықта «Таған» театрының әртістерімен танысып, әрі қарай шығармашылық байланыста болмақ.
Қонақтар облыстық мәдениет басқармасына барып, басқарма басшысы Құралбек Бүркітбайұлымен дидарласты. Басқарма басшысы фильм түсіруде қандай да болсын көмек болатынын жеткізді.
Енді фильмнің жалғасы жоспарлы түрде бастау алады. Осылайша шығармашылық байланыс беки түспек.
