Қостанай облыстық көркемөнерпаздардың халық шығарамшылығы мен кинобейнеқор орталығында "Композиторлар одағы" ҚБ бірлесіп, Амангелділік күйші-композитор Кенжеболат Ахметовтың "Дала қыраны" атты авторлық шығармасы тыңдалды
Күй құрылымы сәтті шыққан. Жеке орындаушыға және оркестрге лайықтап орындатуға әбден болады.
Күйді тыңдағандар - "Қостанай облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармащылығы мен кинобейнеқор" орталық басшысы Дамер Қалқаев, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясы Н.Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің жетекші аспап маманы Мұрат Хамитов және Қостанай облыстық "Композиторлар одағы" ҚБ төрағасы Азамат Мұқатов.
"Дала қыраны" күйі - көрерменге жетіп, көңілден шығады деп сенеміз.