Мемлекет басшысы Абай облысындағы орман өртінің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты 12 маусымды Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Мемлекеттік ту төмен түсіріліп, салтанатты іс-шаралар, телеарналардағы ойын-сауық бағдарламалар тоқтады.
Қаза тапқан азаматтарды еске алып, қайғырып көңіл айтамыз. Елімізде енді мұндай күндер болмасын.