Бүгін Алтынсарин аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Жүзбай Біржан Сәндібекұлының туған күні. Туған күн иесін құттықтаймыз.
Өңіріміздің өнерін өрге сүйреп, үлесін қосып жүрген өнерпаз, әзілкеш, Торғайдың талантты тумасы деп таныстыруға лайық азамат.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыс, биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз.
Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!