Балаларды қорғау күні – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін мереке. Бүгінгі мерекемен А. Тұтқышеваның «ARTIST» шығармашылық мектебі, Ш. Фахрутдиновтың «Карнавал» би тобының, А. Тимербекованың «Жұлдыз» домбыра студиясының өрендерін және барша аудан, қалалардағы балалар ұжымдарын, өнерлі балғындарды құттықтаймыз. Сіздердің өнерге қосып жүрген еңбектеріңіз жана берсін. Болашақтарыңыз жарқын, келешектеріңіз кемел болсын.