Ел Ордамыз Астана қаласында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігінің ұйымдастыруымен іс-шара өтті.
Аталмыш республикалық шараға орталықтың ұлттық шығармашылық және жанрлар бойынша әдіскері, домбырашы М.Хамитов қатысты.
Шара барысында ҚР Мәдениет және Спорт Министрі А.Оралов Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығын кәсіби мерекемен құттықтап, Алғыс хатпен марапаттады.
Марапат Роза Бағланова атындағы Қазақ концерттің директоры А.Райымқұлованың орталықтың басшысы Д.Қалқаевты және М.Хамитовты Алғыс хаттарымен марапаттап жалғасын тапты.
Мәдениет және өнер қызметкерлері келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
