Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері! Сіздерді Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін ерекше күн.
Себебі, баршаға қуаныш сыйлап, әр мерекені думанға айналдыратын сала қызметкерлерінің еңбегі ерекше деп білемін.
Тәуелсіз еліміздің мәдени-рухани өркендеуіне зор үлес қосып, тарихымызды насихаттау, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, елді бірлік пен ынтымаққа шақыру жолында еңбек етіп жүрген мәдениет пен өнер саласы қызметкерлерінің қоғамдағы орны ерекше. Сала мамандары әркез елдің рухын көтеріп, адамзат баласына шексіз қуаныш, зор мақтаныш сыйлап келеді. Барлық мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдар – біз үшін дағдылы жұмыс күні. Өз жұмысымызға деген сүйіспеншіліктің арқасында өңіріміздің мәдениеті жылдан жылға көркейіп келеді.
Мәдениет саласының одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарымызбен қуанта берейік.
Мереке құтты болсын! Кәсіби шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін! Әрқашанда өнердің ақ туын берік ұстап, халыққа қызмет етуді нәсіп етсін.
____________
Құрметпен,
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Қалқаев Дәмер Елтайұлы