Бүгін «Торғайдың Шәмшісі» атанған белгілі композитор, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, халық күйінің шебер орындаушысы, білікті дирижер, сан қилы өнер иесі Болат Хамзиннің туған күні. Асыл азамат көзі тірі болғанда 85 жасқа толар еді.
Өзінің әсем әндерімен, асқан күйшілігімен танылған жанның артында мол мұрасы қалды. Ұлттық өнер саласында терең білімді азамат өзінің атындағы саз мектебінің іргесін қаласты. Әр жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, көркемдік жетекшісі болып істеп, елде саз өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан. Торғайдағы халық театрының іргесін қаласып, «Ғасырлар пернесі» халық оркестріне жетекшілік еткен. Бүгінде ізін жалғастыратын шәкірттері, балалары бар. Марқұмның жатқан жері жайлы, иман байлығын берсін.