Бүгін Аманкелді аудандық Мәдениет үйінің басшысы Олжас Қылдыбаевтың туған күні.
Әріптесімізді туған күнімен құттықтаймыз.
Осы қуанышты күні бар жақсылықты тілей отырып, деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс, өмірдің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым берекелі бастауларға жол ашып, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Абыройыңыз артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз деп ақ жайма тілегімізді арнаймыз.
Ізгі тілекпен,
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұжымы