Әріптесіміз Сәуле Хамитжанқызын туған күнімен құттықтаймыз.
Кәсіби шеберлігіңіз арта берсін. Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлаймыз. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз.
Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын,
мерейіңіз үстем болсын!
Көтеріліп көктемдей көңіліңіз,
Қуаныштың нұрына шомылыңыз.
Қайта оянған тіршілік секілденіп,
Гүл жайнасын құлпырып өміріңіз.