Амангелді ауданының музыка мектебінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 14 сәуір күні Тобыл - Торғай өңірінің тумасы, композитор, әрі ұстаз Жанат Борашқызы Темірованың шығармашылық кеші өтті
Кешті Ақтаулық "Сөз бен саз" теле-бағдарламасының авторы Бердіхан Әлменов жүргізді.
Фариза Едресова, Айша Ерманова,Ақтоты Сәдуақасова және Амангелді орта мектебінің оқушылары, яғни, шәкірттері кешті әуелеген әнмен әрледі.
Амангелді аудандық білім бөлімінің басшысы М.Дихамбаев йығына шапан жапты.
Сонымен қатар, Амангелді аудандық мәдениет үйінің директоры О.Қылдыбаев Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Е.Қалмақов атынан, Қостанай облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Д.Қалқаевтың атынан құттықтауын жолдап, Қостанай облыстық "Композиторлар Одағы" ҚБ төрағасы А.Мұқатовтың алғыс хатымен және одақтың мүшелігіне қабылдап, куәлік табысталды.
Кеште көрермендер рухани азық алды және үздіксіз қошемет ықыластарынан да байқалып отырды.