Сыр елі Қызылорда қаласындағы Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында композитор, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері, Қостанай қаласында өтетін "Алтын микрофон" Халықаралық ән байқауының қазылар алқасында көп жылдар бойы төрағалық еткен, "Алтын микрофон" байқауына Гимн жазған Кеңес Дүйсекеев атындағы І Халықаралық "Туған жер" атты әншілер байқауы бастау алды.