#Repost @erlankalmakov • • • • • Амангелді Имановтың 150-жылдығына арналған мерейтойлық шаралар Е.Рахмадиев атындағы Астана мемлекеттік филармониясында "Дала дауылпазы" атты концертке ұласты.
Симфониялық оркестр мен "Қорқыт" этно-фольклорлық ансамблі керемет үндестік тауып, батыр бабаға арналған бірегей туындыларды шеберлікпен орындады. "Наз" би театрының бишілері тамаша билерін тарту етті. Кеш аясында белгілі композитор, Қазақстан композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұровтың "Сардар" атты шығармасы тұңғыш рет орындалды. Сонымен қатар, жерлесіміз, көрнекті қаламгер Камал Әлпейісованың сөзіне жазылған композитор Еркін Бакировтың "Амангелді — бар қазақтың ардағы" атты әнінің тұсауы кесілді. Концерттік бағдарламаны әзірлеп, жоғары деңгейде ұйымдастырған жерлестеріміз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шолпан Қорғанбекке, "Қазақ радиосының" редакторы Толқын Сұлтановаға ерекше алғысымызды білдіреміз!