#Repost @erlankalmakov • • • • • Елорда төрінде А.Имановтың 150-жылдығын мерекелеу аясында "Батырдың биік тұлғасы: тарихы, зерттелуі, ақиқаты" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция жұмысына белгілі тарихшы ғалымдар, А. Имановтың ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, Парламент депутаттары, салалық министрлік өкілдері қатысты. Мінберге шыққан ғалымдар 1916 жылғы көтерілістің жетекшілері, соның ішінде бас сардары Амангелді Имановтың тарихи тұлғасына қатысты тың тұжырымдар жасап, батырдың шыққан тегі туралы жүйелі мәліметтерді көпшілік назарына ұсынды.