#Repost @erlankalmakov • • • • • • ҚР Ұлттық музейінде А. Имановтың 150-жылдығына арналған "Халық батыры" атты көрме өз жұмысын бастады.
Көрменің ашылуына мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, батырдың ұрпақтары жиналды. Аталмыш көрмеге Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің, Арқалықтағы Дала өлкесі тарихы музейінің және Амангелдідегі батырдың мемориалдық музейінің қорларындағы тарихи жәдігерлер мен фотоқұжаттар қойылған. Мәселен, Амангелді батырдың домбырасы, отбасы қолданған жеке заттар, Кейкі батырдың кебежесі көпшіліктің қызығушылығын тудыратыны анық. Оған қоса, бұрын соңды көпшілік назарына ілікіпеген бірқатар картиналар мен мүсіндер де қойылып отыр. Тағы бір ерекше жайт, батырдың шөпшегі, суретші Зарина Ниязованың бабасына арнаған суреттер сериясы да жұртшылық назарына ұсынылған. Көрме 1 ай бойы жұмыс істейді. Елорда тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!