Бүгін ақын Абылай Маудановтың туған күні.
Өзінің қайталанбас туындыларымен оқырман қауымын баурап, аудармаларымен де дараланып жүрген дарын иесіне бар жақсылықты тілейміз.
Қашанда ақындық арыныңыз, қаламгерлік қарымыңыз сарқылмасын. Мықты денсаулық, рухани байлық, отбасы аман болсын.
“Тұлпар-Тағдыр” атты кітабыңыздың тұсау кесерімен құттықтаймыз. Жасай беріңіз.