Бүгін өмірден ерте кеткен дарынды өнерпаз, күйші, дирижер Назымбек Молдахметовтің дүниеге келген күні. Көзі тірі болғанда, биыл 53 жасқа толар еді.
Артына өшпес із қалдырған аяулы азамат Қайыңды ауылында 1970 жылы 1 сәуірде туды.
Бүгінде өзі негізін қалаған қазақ ұлт аспаптар оркестріне есімі берілді. Марқұмның кісілік болмысы мен ұйымдастырушылық, өнерпаздық шеберлігі ерекше еді.
Шын талант еш өлмейді, Наз-ағаның өнердегі ғұмыры мәңгілік.
Бүгін есіл азаматты еске алып, жатқан жері жайлы, топырағы торқа, жаны жәннатта болсын десекпіз.