Құрметті әріптестер, сіздерді ежелден ырыс пен берекенің арқауы болған көктем мезгілінің ұлы мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт-дәстүрімен паш етілетін, өзіндік сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы алынатын мерейлі мереке. Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналады.
Олай болса, Наурыз нұры әрбір шаңыраққа, бақ-береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен ынтымақ тілейміз!