14 -ші наурыз Ұлы Даланың ұлы күні, Жаңа жыл мейрамы, қыстан қысылмай, аман - есен шыққан Көрісу күні құтты болсын
Қазақтың әр шаңырағында бақ-береке дарып, мерекелі дастархан, отбасы - ошақ қасының амандығын, ұл - қыз, немерелердің саулығын тілейміз.
Кең байтақ қасиетті жеріміздің тұтастығы артып, ертеңгі ұрпаққа аманат болып, мәңгіге қалғай.
Мың өліп, мың тірілген қазағымның жұлдызы жанып, арайланып атқан шуақты күндері көп болсын.