Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген құрметін білдіреді. Түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы сыйластық, татулық біздің басты байлығымыз. Сондай-ақ бұл күн тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, өзара сыйластық пен құрметке бөленуді үйретеді. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған.
Сіздерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!