22 ақпан күні Меңдіқара аудандық “Юбилейный” мәдениет үйінде облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері Байдос Кожасағиевтің «Ән саламын ел үшін» атты шығармашылық кеші өтті
Кеш иесі Н. Наушабайдың термелерін, А.Байтұрсынұлының, қазақстандық композиторлар мен қатар жергілікті сазгерлер Қ.Деріпсалдин мен Б.Сауекеновтың әндерін нақышына келтіре орындады.
Ән кешінде сахналық әріптестері отбасылық Шыңғысовтар дуэті, Қ.Ражановтың салған әндері көрермен көңілінен шықты. Б.Қожасағиевты аудан әкімінің Алғыс хатымен, Облыстық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Д. Қалқаев құттықтап, иығына шапан жапты.