Бүгін Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Қалқаев Дәмер Елтайұлының туған күні.
Туған күн иесін құттықтаймыз. Өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен, парасатты мінезіңізбен орнын тапқан, абырой-беделге ие болған басшысыз. Әрдайым еңбегіңіз жанып, жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз. Өзіңізді іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары жан ретінде білеміз. Шабытыңыз сарқылмасын, шығармашылығыңыз арта берсін. Отбасында бақыт, деніңізге саулық тілейміз.
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!
Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,
Арта берсін абырой-беделіңіз!