Бүгін алтын дауысты жырау, профессор Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматовтың туған күні.
Ұлттық өнерді асқақтату жолында зор үлес қосып, талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз. Ел үшін еткен еңбегіңіз – ұрпаққа ұлағат, болашаққа сарқылмас байлық болып, әрқашанда мәртебеңіз биік, мерейіңіз үстем болсын.
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Жастан жасқа жете беріңіз!