Гүлзат Болатқызының мәдениет саласына қосқан үлесі зор. Мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы десек, бұл салада аянбай еңбек еттіңіз.
Жылдар бойы аудандық мәдениет үйін басқарып, дамуына, шыңдала түсуіне барыңызды салдыңыз. Елге танымал композитор Болат Хамзиннің жолын қуып, әке тілегін жалғадыңыз. Торғай елін биік тұғырдан көрінуіне себепші болдыңыз, халықты өрелі өнермен сусындатып, рухани байыта түстіңіз. Өз еңбегімен, білім-білігімен абырой биігіне өрлеген азаматтарға халықтың берер бағасы жоғары.
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Айтар алғысымыз шексіз!
____________
Құрметпен,
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының ұжымы