ДК нұсқасы
Установить приложение
Мұқағали Мақатаев — қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған лирик ақын. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шын есімі Мұхаммедқали. Балаға өз атын айту қиындау болады деп қысқаша Мұқағали деп атап кеткен. Халық оны өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақын деп біледі.
Алғаш Мұқағали Мақатаев талантын бағалаған Әбділда Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!» деп, ақынның өнеріне баға берген.