Бүгін Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы және Қостанай облыстық Композиторлар одағының бірлесе ұйымдастыруымен өңіріміздің сазгерлерінің қатысуымен "Сырлы әуен" атты дөңгелек үстел өтті
Дөңгелек үстелге орталық басшысы қатысып сөз сөйледі, бұдан бөлек өңірімізден 15 шақты сазгерлер қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Бағдат Асылбековпен, Нұрахмет Махмут одаққа мүше болып қабылданып, куәліктерін Композиторлар одағының төрағасы Азамат Қабжәлелұлы табыстады.
Сазгерлердің отырысында 2022 жылды қорытындылап, жаңа идеиялар ұсынылып, жылдық жоспарды талқылады.