Бүгін әріптесіміз Миргүл Мұсабекованың туған күні.
Туған күніңіз құтты болсын, деніңізге саулық, шаңырағыңызға ырыс, жүрегіңізге мәңгі жастық жалын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбаңыз. Басыңыздан бақ таймасын! Гүлдей жайқалған ғұмыр тілейміз.