Бүгін жыршы, термеші Өтепбаев Монтай Мырзаұлы ағамыз 63 жасқа толып, зейнеткерлік жасқа жетіп, құрметті демалысқа шығып жатыр.
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 63 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбек демалысыңыздың әр күні шаттыққа, бақытқа толсын! Сізді өмірден тоқығаны мол, аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Жастарға үйретері мол, өнерімен сусындатып жүрген өнегесіз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Жапырағын жайған мәуелі бәйтеректей ғұмыр тілейміз!