Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығында Қостанай облысының қалалық және аудандық мәдениет үйлерінің атқарған жұмыстарының жылдық есеп берулері аяқталды
Мәдениет бөлім басшыларының жылдық есеп берулері өз деңгейінде өтті. Әр өңір жыл бойы атқарған жұмыстарына тоқталып, биылғы жоспарларымен де бөлісті.
Аудан, қала бөлімінің басшыларына тиянақты жұмыс атқарып, өз істеріне жауапты қарағандары үшін алғыс айтамыз. Бұл жылды да осылай жемісті аяқтаймыз деп сенеміз.

