Бүгін Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығында Қостанай облысының қалалық және аудандық мәдениет үйлерінің атқарған жұмыстарының жылдық есеп берулерінің қабылдауы басталды

Мәдениет бөлімінің басшыларының қатысуымен жылдық есеп беруді Қамысты ауданы бастады.
Аудандық мәдениет және тілерді дамыту бөлімінің басшысы Әлдикешева Зауре Болатқызы жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Биылғы жылға деген жоспарларымен де бөлісті. Бардық есеп салыстырылып, тексерілді. Бәрі ойдағыдай.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев пен Зәуре Әлдикешованы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов қабылдап, өз ұсыныстарын білдіріп, бағыт-бағдар сілтеді. Алдағы уақытта да осындай жемісті еңбек етіп, жетістіктер тіледі.
Аудан, қала бөлімінің басшыларының жылдық есеп берулері алдағы уақытта да жалғаса бермек.