Құрбан болғандарды еске алу, тағзым ету күні
Биылғы жылы егемен еліміздің тәуелсіз таңының атқанына тура 31 жыл. Бұл мерекенің биылғы мәнісі өзге. Неге десеңіз Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде 16 желтоқсан тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні деді. «Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек» деді ол.
Желтоқсан оқиғасы біздің еліміз үшін маңызды. Тәуелсіздікке жақындатқан қастерлі ай. 16 желтоқсан қазақ елі үшін қастерлі күн. Алаңға шыққан жастардың ерлігін есте тұтып, тәуелсіздігіміздің әрбір күні үшін, желтоқсан батырларына, желтоқсан жастарына тағзым етер күн. Қазақтың тектілігі де осында. Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда сақталып, егемендігіміздің бір белгісі болып қалады.
Құрбан болған ұлттық батырларымызға тағзым жасап, есте мәңгі сақтайық. Тәуелсіз еліміздің тұтастығы мен бірлігі арта берсін.