Бүгін әріптесіміз, облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының қызметкері Мұрат Нағашыбайдың туған күні.
Әріптесіміз «сегіз қырлы, бір сырлы» азамат. Өңірдің мәдени, рухани дамуына үлес қосып жүрген дарынды азамат ретінде де, республикалық «Рухани қазына-2022» фестивалінің жеңімпазы ретінде де жақсы танимыз. Көптеген мәдени шараларды тізгіндеп, берекелі өтуіне барын салып жүретін қасиеті тағы бар. Қызметіне жауапты, өз ісіне сауатты әріптестің ұжымда алар орны бөлек.
Бүгінгі туған күнімен құттықтай отырып, бақытты ғұмыр тілейміз. Отбасы аман, балаларының қызығына кенеле беріңіз. Алар асу, бағындырар белес көп болсын.