Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Президент сыйлығының, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, белгілі сатирик Көпен Әмірбек өмірден озды.
Жаны жайсаң жарқын жан еді. Өресі биік қаламгер, ұлт мүддесін ойлаған азамат еді.
Алды пейіш, арты кеніш болғай! Туған туыстарына, ұрпақтарына, барша қазақ еліне қайғырып көңіл айтамыз. Ағамыздың иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай!