Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күнін бекітіп, Ұлттық мәртебе беріп: «Мерекелік күнтізбеде Республика күнін жаңғырту, бұл – тарихи әділдіктің орнауы», – деп атап өтті.
Мерекелік күнтізбеде Республика күнінің қайта пайда болуы жайдан жай емес. Бұл ұрпақтар сабақтастығы, халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ерік-жігеріне деген құрметтің белгісі.
Ұлттық мерекеміз құтты болсын! Қазақ елінің мәртебесі биіктей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы биіктеп, келешегі көркейе берсін.
Баршамызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз.