Облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург, қоғам қайраткері, белгілі жазушы Төлен Әбдіктің 80 жылдығына арналған әдеби-шығармашылық кеші өтті.
Кездесу кешіне танымал ақын-жазушылар, билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, жалпы қауым қатысты. Шараны қаламгер Абылай Маудан жүргізді.
Кеш аясында жазушының өмір жолы, шығармалары жайында сыр шертіп, туындыларының тарихына тоқталды. Қоғамға, бүгінгі әдебиетке деген көзқарасын, пікірін білдіріп отырды. Оқырмандар кеш иесіне сұрақтарын жолдап, қызықты жауап алып жатты.
Кеш соңында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы облыс әкімінің Алғыс хаты мен медальдар табыстап, иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.


