altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ТОРҒАЙДА ӨТКЕН ДҮБІРЛІ ТОЙ
02.10.2022
1731
0
Дереккөз: BAQ.KZ



Қарт Торғайда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерекелі шаралар өз деңгейінде өтті. Дүбірлі тойға Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы келді. Қазақтың қос алыбы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы ескерткішінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Қос алыпқа қойылған қола ескерткіштің ашылуынан кейін қонақтар Торғайдағы Ахмет пен Міржақып мұражайына бас сұқты. Биыл ұлт ұстазының мерейтойы аясында бұл музей 170 млн теңгеге бастан-аяқ жөнделіп, іші-сырты жаңарды. Реэкспозиция жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ғалым, жазушы Қойшығара Салғараұлының келуі ел үшін үлкен қуаныш болды. Жиналған қауым, мәртебелі меймандар Жеңіс Жұбанқосов жасаған ескерткіштің сәтті шыққанын айтып, ризашылығын білдірді. Жаңарған, жаңғырған музей де тау тұлғаларымыздың есіміне лайықталып, жаңа мазмұнмен толықты. 





«Ұлтына ғұмырын арнаған Ұлы тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Сенат Спикері ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев ұлт ұстазы, аса көрнекті ғалым, ағартушы, тарихи тұлға Ахмет Байтұрсынұлының саяси және рухани мұрасына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ Сенат Төрағасы Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа тарихи кезеңінде өңірлерді өркендету мәселесіне баса мән беріп отырғанын, осы бағытта тиісті органдарға нақты тапсырмалар бергенін және алдағы міндеттерді нәтижелі орындау үшін Парламент жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.





Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына арналған Конференцияда белгілі зиялы қауым өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері де сөз сөйледі. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай арнайы мерейтойлық медалі шығарылды. Мерейтойлық медальмен ел ағалары, Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына атсалысқан азаматтар марапатталады. Олардың қатарында мәдениет саласының үздігі, өлкетанушы, Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешенінің басшысы Сәрсекей Гүлбану Күлетқызы, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейінің реэкспозициясының авторы Хайруллин Данияр Әлібекұлы да бар екенін айта кеткеніміз жөн болар.

Қостанай облысының әкімдігі тағайындаған дәстүрлі «ТІЛ ЖАНАШЫРЫ» сыйлығы биылғы жылы Ахаң мұрасын зерттеген ғалымдарға беріледі. 

Белгілі ақын, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспанұлы Оспановқа ұлт ұстазының өмірі мен қызметін зерттеген еңбегі және рухани мұрасын насихаттағаны үшін 1 миллион теңге табысталды. Биылғы жылы Серікбай ағамыздың «Ұлт ұстазы» кітабы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен Түркиядан жарық көрген болатын. 




Тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Максимович  Легкийдің монографиясы Ахмет Байтұрсынұлы өмірінің белгісіз қырларын зерделеуге арналған. Ғалымға 500  (бес жүз) мың теңге ақшалай сыйлық тапсырылды. 

Филология ғылымдарының докторы Әбсадық Алмасбек Ахметұлы Алаш ардақтысының ұстаздық қызметін зерделеуге арналған монография жазып, биылғы жылы жарық көрді. Ғалымға 500 (бес жүз) мың теңге сыйлық тапсырылды.

Сонымен қатар бірқатар ел азаматтарына  «Жангелдин ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Мәдениет саласының үздігі, мәдениет ардагері, ұзақ жылдар бойы ауданның өнерін дамытуға ерекше үлес қосып, халық театрының жұмысын жандандырған Ерденова Рысты Ерденқызының осы атаққа лайық болғаны зор қуаныш.

Той түстен кейін Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған Сарытүбек қонысы мен Ақкөл ауылында жалғасты.  Мұндағы іс-шара аруақтарға тәу етіп, ас берілумен жалғасын тапты. Ахаңның атақонысы ¬ - Сарытүбектегі қорымда ұлт ұстазының әкесі Байтұрсын мен ағасы Қали жерленген. Олардың жанына биыл халық боп қаржы жиып, Ахаңа ақ кесене тұрғызылды.  

Кешке орталық стадионда мерекелік концерт басталды. Онда тек Ахаңның әндері ғана емес, Тобыл-Торғай өңіріне арналған әндер де шырқалды. Тойға әннен шашу шаша келген кеш қонақтары Анар Мұздаxанова, Ардақ Балажанова, Шаxаризат Сейдаxмет, «Қоңыр» тобы және Қуандық Раxым сынды танымал өнер жұлдыздары Торғай жерін ән мен жырға бөлеп, көңілдерін бір көтеріп тастады. Мерекелік концерт Шахаризат бастаған барша торғайлық өнерпаздардың орындауында «Айналайын, Торғайым» әні орындалып, кеш  мәресіне жетті. Елдің көңілі көтеріліп, бір жасап қалды.  

Көпшіліктің делебесін қоздырған ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткенін де айта кету керек.

Осынша маңызды шараны ұйымдастыруға  мұрындық болған Қостанай облысының әкімдігіне, Жанкелдин ауданының әкімшілігіне және де облыстық мәдениет басқармасына айтар алғысымыз шексіз. 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру