Құрметті Алмагүл Сайлаубайқызы! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Ақ көңілден шыққан ізгі тілектерімізді жолдай отырып, өмірдің бар жақсылығын тілегіміз келеді.
Ұжымда белді қызметкер, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірманды ана, ата-анасын аялай білген перзент ретінде жақсы танимыз. Осындай абзал жанға бүгінгідей қуанышты күні ұзақ ғұмыр, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз.
Жүзіңіз қашанда күлімдеп, жүрегіңіз жадырай берсін. Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан қызық-қуаныш арылмасын!
Тізгіні өзіңізге сеніп тапсырылған бөлімінің жұмысын сапалы да ұтымды ұйымдастырып, мәртебемізді көтеруге сүбелі үлес қосып, осы салада атқарып жүрген еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.
Өмірде қуанышқа бөленіңіз,
Қошемет пен құрметке кенеліңіз!
Жұмыста еңбекпенін дараланып,
Бақыт пен байлыққа жетіңіз!