#Repost @erlankalmakov ・・・ Қостанай ауданы Заречный ауылдық мәдениет үйі осыдан екі жыл бұрын жөндеуден өтіп, тынысы қайта ашылғандай болып еді. Бүгін кезекті көркемөнерпаздар байқау-фестивалінде ауылдың дарынды жастарына көзайым болып, талаптарына сәттілік тіледік. Ауылдардағы мәдениет ошақтары құр жөнделіп қана қоймай, күнделікті жұмыс ұйымдастырылса, талай дарындардың бағы жанатыны айқын. Бұл қаланың іргесіндегі ауылдарда ғана емес, шалғай ауылдарда да қолға алынуы тиіс. Алдағы уақытта жөнделіп жатқан ауылдық мәдениет ошақтары туралы бөлек жазбалар ұсынатын боламыз.