Қыркүйек айының екiншi жексенбiсі Отбасы күні. Биыл бұл мереке 11 қыркүйекке сәйкес келіп тұр.
Отбасы әр адамның қасиетті алтын бесігі. Адамзат ұрпағына бар асылын отбасында беріп, бойына дарытқан. Әсіресе қазақ халқы отбасы тәрбиесіне, дәстүріне ерекше мән берген.
Бүгінгі мереке баршамызға құтты болсын. Отбасының жылуы таусылмасын, оты сөнбесін. Әр шаңырақ берекелі, мерекелі, байқуатты болсын!