Бүгін Ұлт ұстазы, ағартушы-ғалым, ұлт әліпбесінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Осыған орай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов, Ахаң атындағы білім ордасының ректоры Сейтбек Қуанышбаев, әнші Нұрлан Өнербаев бастаған бір топ зиялы қауым, өнер жанашырлары, жастар бас қосып, Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.