Арқалық қаласы Ұлттық домбыра күнін және Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойын ерекше шарамен атап өтті. Алаңға халық аспаптар оркестрі мен қала тұрғындарынан құралған 1000 адамдық оркестр бір мезетте күй төкті.
Оркестр "Тепеңкөк", "Салкүрең" сияқты халық күйлерін, Құрманғазының "Балбырауын", Нұрхан Ахметбековтың "Жеңіс", Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисса" күйлерін орындап көпшілікті таңқалдырды.
Бір қызығы шараға дайындық барысында 700 адам қолына алғаш рет домбыра ұстаған. Олардың үлкені 87 жаста болса, ең жасы 8 жаста. Бір әулеттен 22 адам өнер көрсеткені де таңданарлық жағдай.