Бүгін Тобыл қаласындағы "Алтын дән" мәдениет үйінде облыстық халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаевтың А.Сейітова жетекшілік ететін "Шалқыма" вокалды-домбыра ансамблі және Н.Берлимов жетекшілік ететін Садчиков аудандық мәдениет үйінің "Зарянка" фольклорлық ансамбльдері шығармашылық ұжымдарына қатысты басшысының орынбасары Л.Зазулинамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында ансамбль басшыларымен "Халықтық" атағын алу жолдары талқыланды. Оған қажетті құжаттарды жинау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қатысушылар "Халықтық" атағын алу ережелерімен өз беттерінше де орталықтың ресми сайтына кіріп таныса алады.