Қостанай облысының өнерпаздары ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты челленджді бастап кетті. Ахмет Байтұрсынұлы алаңында домбыраның пішінін келтіре жайғасқан домбырашылар қоңыр күйді күмбірлете жөнелді.
Тобыл—Торғай өнерпаздары челленджді Батыс Қазақстан өңіріне жолдайды.