Күнделікті күйбеңмен шапқылап жүріп демалыс күндерінің жеткенін де байқамай қалыппыз. Жанталас, өмірдің қым-қуыт сәттері аялдауға мұраша берер емес. Зырғып ағып жатқан өмір-өзен.
Осылай жүріп өмірдің тамаша сәттерін өткізіп алмайық, бар бақытты бағалап, парқын білейік. Сағынып жүрген жандарыңыз болса — барыңыз, құшағыңызға алып, бауырыңызға басыңыз. Өмір тамаша екенін сезесіз...